
Бурлибаев Санжар Таскинбаевич
Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы
Өмірбаян
1988 жылғы 25 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлыбританиядағы Эссекс университетін "қаржы экономикасы" мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс телефоны: 8 - 700-335-75-09
Ұялы телефон: 8-701-111-49-55
Еңбек жолын 2009 жылы Шымкент қаласындағы "Санжан Индастриз" ЖШС директорының орынбасары болып бастаған.
2012-2013 жылдары Алматы қаласында "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-да шаруашылық секторының менеджері.
2014-2016 жылдары Алматы қаласында "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің еңбек көші қон және мемлекеттік сатып алу бөлімдерінің бас маманы.
2016 жылы Шымкент қаласында "Логистика-2-Шымкент" ЖШС-нің директоры.
2016-2021 жылдары Шымкент қаласында "Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппараты" ММ-нің әлеуметтікқорғауға қолдау көрсету бөлімінің басшысы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, аудан әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдары.
2021-2022 жылдары Астана қаласының "Байқоңыр" ауданы әкімінің орынбасары.
2022 жылы Астана қаласында "Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ басшысының орынбасары.
Қазіргі таңда Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы.