Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы
"Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Түркістан облысы аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, азаматтық қорғау, мемлекеттік шекера, аумақтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке шақыру салаларда басшылық жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады.
Жаңалықтар
Құжаттар
Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ-сі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысының жария талқылау хаттамасы
Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ-сі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысының жария талқылау ХАТТАМАСЫ № 10 Түркістан қаласы 16 маусым 2026 жыл Төраға: Бурлибаев Санжар Таскинбаевич- Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы. Хатшы: Наурызбекова Айсулу Дуйсенбаевна әкімшілік-құқықтық және азаматтық қорғау бөлімінің бас маманы. Басқарма қызметкерлері Алдабергенов Бабай Танирбергенович «Қарулы күштерінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестіктерінің Түркістан облыстық филиал төрағасы КҮН ТӘРТІБІ: 1.Ішкі талдаудың қорытындысын талдау. Басқарма басшысы С.Бурлибаев Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы, 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2025 жылдың 20.04.2025-04.06.2025 аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуіне байланысты, әкімшілік-құқықтық және азматтық қорғау бөлімінің бас маманы А.Хожахмет баяндама жасады. Әкімшілік-құқықтық және азматтық қорғау бөлімінің бас маманы А.Хожахмет басқарма аумақтық қорғаныс қызметі мен төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша атқарылатын жұмыстарға қажетті барлық мүліктермен қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін жою мақсатында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы алынатын аумақтық қорғаныс қызметі мен төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша атқарылатын жұмыстарға қажетті барлық мүліктермен қамтамасыз етуді бюджеттік жоспарды Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының «Мамандандырылған базасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне беруді ұсыну керек екендігін айтып өтті. ШЕШІМ ЕТТІ: 1.А.Хожахметтің баяндамасы назарға алынсын. 2.Басқарма қызметкерлеріне: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары қабылдансын. Мерзімі: тұрақты 3.Әкімшілік-құқықтық және азматтық қорғау бөлімінің бас маманы А.Хожахмет сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына хат дайындалсын. Мерзімі: 5 жұмыс күн Төраға: С. Бурлибаев Хатшы: А. Наурызбекова