
Бақынова Нұргүл Асанқызы
Аким города Серебрянск
Өмірбаян
Бақынова Нұргүл Асанқызы 1976 жылы 21 қарашада Аягөз қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін қазақ тілінде оқымайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Жалпы еңбек өтілі 20 жылдан артық. Еңбек жолын 1998 жылдың қыркүйек айында Аягөз ауданының Сергиополь ауылында С.Ғаббасов атындағы Сергиополь орта мектебінде қазақ тілі мұғалімі болып бастады. 2000 жылдың қазан айынан 2002 жылдың қаңтар айына дейін Семей қаласындағы №27 мектеп кешенінде қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істеді. 2002 жылдың ақпанынан 2013 жылдың қаңтарына дейін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2013 жылдың ақпанынан 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде қазақ, орыс тілдері және іс қағаздарын жүргізу кафедрасы меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті. 2017 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың қазан айына дейін Парыгино ауылындағы Михаил Бикетов атындағы орта мектепте қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істеді. 2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың маусымына дейін Полянское ауылындағы Первороссийка орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың маусымына дейін Парыгин ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2023 жылдың маусымынан бастап Серебрянск қаласының әкімі болып сайланды.