Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Серебрянск қаласы әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Серебрянск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкім қызметінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

    Серебрянск — Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай ауданына қарасты қала.Серебрянск қаласы Үлбі жотасының оңтүстік беткейінде, Өскемен су қоймасының оң жағалауында орналасқан және Ертіс өзенінің төменгі ағысында Бұқтырма су электр станциясынан 6 км жерде, Өскемен қаласынан 90 км жерде орналасқан. Аудан орталығы Алтай қаласына дейінгі қашықтық автокөлікпен 120 шақырым.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Кәсіби мереке – Теміржолшылар күні қарсаңында қайта жаңғыртудан өткен Күмістау теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Бұл айтулы оқиға теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлерінің басын қосты. Салтанатты рәсімге Алтай ауданының әкімі Құрмамбаев Ренат Тілеуханұлы қатысып, жиналған қауымды келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтады. Ол теміржолшылардың адал әрі қажырлы еңбегі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық және толайым табыс тіледі. Іс-шараға құрметті қонақ ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Магистральдық желі филиалы Семей магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы, ғимараттар және инженерлік желілер жөніндегі директордың орынбасары Азимканов Нұрлан Жақалықұлы, сондай-ақ Күмістау станциясының вагон қараушысы, теміржол саласының ардагері Нұғыманов Жұмажан Сағидолдинұлы қатысты. Жаңартылған Күмістау вокзалы – заманауи көлік инфрақұрылымының нысаны ғана емес, сонымен қатар Серебрянск қаласының дамуына серпін беретін маңызды жоба. Жүргізілген қайта жаңғырту жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді және қаламыздың өркендеуі мен дамуының тағы бір жарқын белгісіне айналады. Теміржол саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің көлік саласының дамуына қосып жүрген өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, мерейлеріңіз үстем, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, ал әр сапарларыңыз сәтті болсын!

    4 тамыз 2026 ж.Тікелей