Амиркулова Шолпан Аманбайқызы

    бас маман

    Амиркулова Шолпан Аманбайқызы
    Главный специалист

    Амиркулова Шолпан Аманбайқызы

    бас маман

    Өмірбаян

    Мен Амиркулова Шолпан Аманбаевна 1972 жылы 14 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданы Алға ауылында дүниеге келгенмін.

    1990-1992 жылдар аралығында Жамбыл зооветеринарлық техникумында бухгалтер-экономист мамандығы бойынша білім алдым.

    2010-2013 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде қаржыгер мамандығы бойынша білім алдым.

    Еңбек жолымды 1992 жылы 07 қыркүйекте Қордай ауданы Степной ауылындағы «Достық» АҚ есепші ретінде бастадым. 1993 жылдың 06 қыркүйегінде өз еркіммен жұмыстан босатылдым. 1993 жылы 14 қыркүйекте Мұзбел ауылындағы «Экспедиция 55» ұйымында есепші болып жұмыс істеп, 1997 жылдың 27 маусымында өз еркіммен жұмыстан босатылдым. 1997 жылы 09 қыркүйекте Мұзбел ауылындағы А.Чехов атындағы орта мектебінде мамематика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа кіріп, 1998 жылдың 15 маусымында өз еркіммен жұмыстан босатылдым. 2005 жылы 21 сәуір айында Алға ауылдық округі әкімі аппаратына бас маман есепші ретінде мемлекеттік қызметке қабылданып, 2006 жылы 16 қаңтарда Алға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман қаржы агенті ретінде ауыстым. 2010 жылдың 08 қарашасына дейін осы қызметті атқарып, қысқартуға байланысты жұмыстан босатылдым. 2013 жылдың 22 қаңтар айы мен 18 қыркүйек айы аралығында келісім шарт бойынша әскери есеп столының бас маманы болып жұмыс атқардым. Мемлекеттік қызметке кіруіме байланысты жұмыстан босатылдым. 2013 жылы 18 қыркүйекте бас маман қаржы агенті ретінде мемлекеттік қызметке қабылданып, 2021 жылдың 31 желтоқсанынан бастап, Алға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қайта тағайындалдым. Бүгінгі күнге осы қызметті атқарудамын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері