
Абильдаев Берік Еркинович
Жамбыл облысы Қордай ауданы Алға ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Мен Абильдаев Берик Еркинович 1986 жылы 17 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келгенмін. Әкем – Абилдаев Еркен 1950 жылы 18 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы, азаматтығын ауыстырған жоқ. Тұрғылықты мекен жайы: Қордай ауданы Қордай ауылы Маяковский көшесі №88.
Анам – Сугурбаева Асемхан 1950 жылы 29 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы, азаматтығын ауыстырған жоқ. Тұрғылықты мекен жайы: Қордай ауданы Қордай ауылы Маяковский көшесі №88.
Еңбек жолымды 2008 жылы 03 наурызы Алматы облысы Қарасай ауданындағы ЖШС «AS Group Co LTD»-е менеджер ретінде бастадым. 2009 жылдың мамыр айынан желтоқсан айы аралығында Жамбыл облысы Қордай аудандық қазынашылық басқармасында «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасынан өттім. 2010 жылдың ақпан айынан 2010 жыл қыркүйек айы аралығында Қордай аудандық қазынашылық басқармасының қаржылық,шарттар тіркеу тобының жетекші маманы, қыркүйек 2010 жылдан желтоқсан 2010 жыл аралығында Қордай аудандық қазынашылық басқармасының операциялық тобының бас маманы, желтоқсан 2010 жылдан тамыз 2015 жыл аралығында осы аталған басқарманың қаржылық,шарттар тіркеу тобының бас маманы қызметін атқардым. Тамыз айы 2015 жыл Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының келісім шарт бойынша қызметкері,желтоқсан 2015 жылдан 2017 жылдың желтоқсан айы аралығында Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепші кассирі, қаңтар 2018жылмен наурыз 2019 жыл аралығында Қордай ауданы Масанчи ауылдық округі әкімі аппаратының келісім шарт негізінде бухгалтері, сәуір 2019 жыл мен қыркүйек 2019 жыл аралығында Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі, қыркүйек айы 2019 жылмен маусым айы 2020 жыл аралығында Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқардым.
