Турабаев Маулен Дуйсеханович

    Өтенай ауылдық округі әкімінің орынбасары

    Турабаев Маулен Дуйсеханович
    Заместитель акима

    Турабаев Маулен Дуйсеханович

    Өтенай ауылдық округі әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Мәулен Дүйсеханұлы Тұрабаев 1988 жылы 21 тамызда Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында дүниеге келген. Бүгінгі таңда Талдықорған қаласында, Жастар шағын ауданында, №21 үй, 12-пәтер тұрады.

    1994 жылы С. Жарлыөзек Мұсабек Сенгирбаев атындағы орта мектептің 1-сыныбына барып, сол мектепте 11-сыныпты бітірді.

    2005-2007 жылдары Талдықорған заң колледжін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

    2007-2011 жылдары І. Жансүгров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тамамдады.

    2015-2017 жылдары Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын "Заңгер"мамандығы бойынша бітірген.

    2017 жылғы 10 ақпаннан 2018 жылғы 25 қыркүйекке дейін Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

    2018 жылғы 25 қыркүйектен 2019 жылғы 17 маусымға дейін Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2019 жылғы 18 маусымнан 2023 жылғы 27 қыркүйекке дейін Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

    2023 жылғы 27 қыркүйектен 2023 жылғы 31 қазанға дейін Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

    2023 жылғы 02 қарашасынан 2024 жылдың 20 маусымына дейін "Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ,сі тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің басшысы лауазымын атқарады.

    2024 жылдың 21 маусымынан қазіргі уақытта дейін Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері