
Өмірбаян
Малтаев Руслан Ырысбекұлы 1994 жылы 26 наурызда Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Бүгінгі күні Өтенай ауылдық округі, Жастар 2 тұрғын үй алабы, Жұмабаев көшесі, 5 үйде тұрады.
2001 жылы Мұқыры ауылындағы Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектептің 1-сыныбына барып, сол мектепте 11-сыныпты аяқтады.
2012-2016 жылдары І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тамамдады.
2016 жылы 9 желтоқсан айынан 2017 жылдың 11 қаңтарына дейін «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ- сі, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің бас маманының міндетін атқарушы болып жұмыс жасады.
2017 жылы 11 қаңтарынан 2019 жылдың 26 қыркүйегіне дейін «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ- сі, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің бас маманы қызметін атқарды.
2019 жылы 27 қыркүйегінен 2021 жылдан 23 ақпанына айынан бастап Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық селолық округінің әкім аппараты ММ-нің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің басшысы лауазымына тағайындалды.
2021 жылы 24 ақпан айынан бастап 2022 жылдың 31 тамыз айына дейін Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылы 01 қыркүйегінен бастап 2023 жылдың 13 қыркүйегіне дейін «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ- нің ауыл шаруашылық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды
2023 жылы 14 қыркүйегінен 2024 жылдың 21 мамыр айына дейін Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімнің орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылдың 22 мамыр айынан осы күнге дейін Өтенай ауылдық округі әкімі қызметін атқаруда.
