
Өмірбаян
Есендосов Мербол Мағзомұлы 1979 жылдың 17 қыркүйегі күні Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Шөптікөл совхозында дүниеге келді. 1985 жылы Шөптікөл орта мектебінің 1-сыныбына барып, осы аталмыш мектепті 1996 жылы тәмәмдадым. 1996 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетінің зоо-ветеринария факультетінің ветеринарлық медицина факультетіне оқуға түсіп, 2001 жылы (оқу орнының атауы өзгеріп) Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін ветеринариялық-санитарлық дәрігер мамандығы бойынша және 2019 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін әлеуметтік ғылымдарының, экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша тәмәмдадым. Осы жылы әскер қатарына шақырылып, Алматы облысы Қапшағай қаласында әскери борышымды 2002 жылы өтеп келді.
09.10.2002 - 11.11.2002 аралығында Орал қаласында орналасқан «Орал сусын» ЖШС-де күзетші;
04.03.2003 - 05.03.2004 аралығында Ақсай қаласында «Бек-секьюрити» ЖШС-де күзетші;
28.10.2004 - 05.01.2005 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің жетекші маманы;
05.01.2005 - 24.02.2006 жылдар аралығында Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы;
24.02.2006 - 14.03.2006 аралығында Қаратөбе аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің жетекші маманы;
14.03.2006 - 02.02.2007 аралығында Қаратөбе аудандық маслихаты аппаратының жетекші маманы;
02.02.2007 - 02.08.2010 жылдары аралығында Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы;
02.08.2010 - 29.10.2010 аралығында ҚР АШМ АӨК МИК Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары;
29.10.2010 - 30.11.2011 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы;
30.11.2011 - 15.07.2015 жылдары Қаратөбе ауданы, Егіндікөл селолық округінің әкімі;
07.09.2015-15.04.2016 Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы;
15.04.2016-12.09.2018 жылдары Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
12.09.2018-10.08.2020 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы;
10.08.2020 - 05.12.2022 жылдары Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы;
13.02.2023 – 05.02.2024 Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы;
05.02.2024 жылдан бастап Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы.





