
Өмірбаян
1987 жылы Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2009 жылы зоотехния мамандығы бойынша Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және 2013 жылы тарих мамандығы бойынша Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген.
2013-2015 жж. - Тарих пәнінің мұғалімі, Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі;
2015-2018 жж. - Тарих пәнінің мұғалімі, Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебі, Егіндікөл ауылы;
2015-2016 жж. - Қосымша білім беру педогогы, Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы, Қаратөбе ауылы;
2018-2019 жж. - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі, Қоскөл ауылы;
2019-2021 жж. - Директор, Соналы жалпы білім беретін мектебі, Соналы ауылы;
2021-2022 жж. - Директор, Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебі, Егіндікөл ауылы;
2022 жылдың 6 маусымында Қоскөл ауылдық округі әкімі қызметіне тағайындалды.

