
Директор
Жетебаев Ардақ Аманжолұлы
“Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Өмірбаян
1982 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара кентінде дүниеге келген. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің агроэколог мамандығы бойынша білімалған.
Еңбек жолын:
2006 жылдан 2008 жылға дейін «КазСтройИнвест» ЖШС-де жүргізуші экспедитор болып бастаған.
2009-2012 жылдары Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінде қызмет инспекторы;
2012 жылы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы экологиялық жобалау және мониторинг бөлімінде бас маман;
2012-2024 жылдары Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.





