Бекбатыров Нұрбек Ахметұлы

    Қарауыл ауылдық округі әкімінің орынбасары

    Бекбатыров Нұрбек Ахметұлы
    Заместитель Председателя

    Бекбатыров Нұрбек Ахметұлы

    Қарауыл ауылдық округі әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Мен Бекбатыров Нұрбек Ахметұлы 1967 жылы 8 маусым күні бұрынғы Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында тудым. 1984 жылы 3 қыркүйектен бастап Семей обылысы Абай ауданы Абай атындағы совхозда әртүрлі жұмыста болдым. 1984 жылы 8 қазанда автокөлік жүргізушілер даярлайтын курсқа қабылдануыма байланысты жұмыстан өз еркіммен босадым. Сөйтіп осы жылдың 8 қазанында аталған орта кәсіптік курсқа қабылдандым. 1985 жылы 14 ақпанда оқу мерзімінің аяқталуына байланысты курстан босадым. 1985 жылдың 18 ақпанында облыстық тұтынушылар қоғамының құрылыс басқармасында әртүрлі жұмыста болдым. 1985 жылы 1 маусымда жоғары оқу орнына баруыма байланысты жұмыстан өз еркіммен шықтым. 1985 жылдың 20 тамызда Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтына түстім. 1986 жылы 27 мамырда әскер қатарына шақырылуыма байланысты академиялық демалыс алдым. 1986 жылдың 02 шілдеден 1988 жылдың 31 мамырына дейін Закавказдық әскери округында Баку қаласында әуе күштеріне қарсы қорғаныс (ПВО) әскерінде қатардағы жауынгер қызметін атқардым. 1988 жылдың 14 маусым айынан бастап Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтына ІІ курсқа қабылдандым. 1992 жылы аталған оқу орнын аяқтап, зооинженер мамандығын алдым. Одан кейін Абай ауданындағы мемлекеттік Абай қорық-мұражайында әртүрлі жұмыста болдым. 1992 жылы жұмыс орнының қысқартылуына байланысты жұмыстан босадым. 1993 жылдың маусым айынан бастап Бірлескен Қазақ-Түрік «Дерикар» кәсіпорнында технолог болып жұмыс істедім. 1997 жылы штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босадым. 1998 жылы Абай аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз болып тіркелдім. 1999 жылдың қаңтар айынан бастап 2002 жылдың маусым айына дейін «ДЮКАС» ААҚ-да әртүрлі қызмет атқардым. 2002 жылдың маусым айында «Еңбек туралы» Заңның 25 бабы, 21 тармағы бойынша жұмыстан босадым. 2002 жылдың маусым айынан бастап 2003 жылдың наурыз айына дейін жұмыссыз болдым. 2003 жылдың наурыз айынан 2005 жылдың қаңтар айына дейін ШҚО, Абай ауданы әкімі аппараты жанындағы ауыл шаруашылығы бөлімінде жетекші маман болып істедім. 2005 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айына дейін ШҚО, Абай ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде жетекші маман болып қызмет атқардым. 2005 жылдың желтоқсан айынан бастап ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылдық округі әкімінің орынбасары болып, 2022 жылдың 27 қыркүйек айынан бастап Абай облысы Абай ауданы Қарауыл ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істеп келемін. Жолдасым Бекбатырова Шәрбану Әлібекқызы жалпы орта мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды Қазақстан Республикасының азаматы Абай ауданы Қарауыл ауылының тұрғыны. Үлкен ұлым Бекбатыров Айбек Нұрбекұлы 1991 жылы Қарауыл ауылында туған, 2015 жылы ауырып қайтыс болды. Одан кейінгі ұлым Ахметқайыр Бекзат Нұрбекұлы «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС менеджер аналитик, Қазақстан Республикасының азаматы, Астана қаласында я менеджер Қазақстан Республикасының азаматы, одан кейін Ахмет Ахтамберді Нұрбекұлы Сүлеймен Димерел университетінің 3 курс студенті, Алматы облысы, Қаскелең ауданы Қазақстан Республикасының азаматы, кенже балам Нұрбекұлы Әліби Астана халықаралық университеті 3 курс студенті, Қазақстан Республикасының азаматы. Әкемнің әкесі Қаракесекұлы Бекбатыр, анасы Қайнижамал тегін білмедім туған жылы және қайтыс болған жылдары туралы нақты дерек жоқ. Әкем Бекбатыров Ахмет 1926 жылы туып, 2002 жылы ауыр науқастан қайтыс болды. Анам Жарлыкасинова Кабира 1928 жылы туып, 2016 жылы қайтыс болды. Үлкен апайым Бекбатырова Оразғайша Ахметқызы 1956 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы зейнеткер Семей қаласының тұрғыны. Одан кейін Алтынбекова Құралай Ахметқызы 1958 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы зейнеткер Семей қаласының тұрғыны, одан кейін Бекбатырова Бақтығайша Ахметқызы 1961 туған Қазақстан Республикасының азаматы зейнеткер Семей қаласының тұрғыны, одан кейін Бекбатырова Жанар Ахметқызы 1964 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы кәсіпкер Абай ауданы Қарауыл ауылының тұрғыны. Мен және жақын туыстарым, жұбайымның жақын туыстары азаматтықтарын өзгертпеген және қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері