
Өмірбаян
Дүйсембеков Ерік Нұргелдыұлы 1990 жылы 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келді.
2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2015 жылы Р.Байсейтов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжін есеп және аудит мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолын 2012 жылы «Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ-де жастар іс-тәжірибесімен бастадым. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап «KazMicroFinance» «МҚҰ» ЖШС Семей қаласындағы филиалы, ШҚО Абай ауданы Қарауыл бөлімшесінде несие сарапшысы болып жұмыс істеді.
2015-2016 жылдар аралығында «KMF»(КМФ) «МҚҰ» ЖШС Семей филиалы, ШҚО Абай ауданы Қарауыл бөлімшесінде аға несие сарапшысы.
2016-2017 жылдар аралығында «KMF»(КМФ) «МҚҰ» ЖШС Семей филиалы, ШҚО Қалбатау несие бөлімінде бөлімше бастығы (1 деңгей).
2017-2018 жылдар аралығында «KMF»(КМФ) «МҚҰ» ЖШС Семей филиалы, ШҚО Абай ауданы Қарауыл несие бөлімінде бөлімше бастығы (2 деңгей) қызметтерін атқарды.
2018-2019 жылдар аралығында «Дүйсембеков Е.Н.» ДК басшысы, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ержәнібек» ШҚ жетекшісі.
2020-2022 жылдар аралығында «НұрОтан» партиясы қазіргі «AMANAT» партиясы Абай аудандық филилалында есеп және статистика секторының меңгерушісі болып жұмыс жасадым. 2020 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылы Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы болып қызмет атқарды.
2023 жылдың Желтоқсанынан Қарауыл ауылдық округі әкімі.
