
Тайтолеуова Саягүл Алтынбекқызы
«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» ММ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1999 жылы туған. Еуразия гуманитарлық институтын (аударма ісі) бітірген.
2024 жылдың шілде айынан бастап осы лауазымда жұмыс істейді.
Бөлімнің міндеттері: Мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе ұйымдардың қызметтерін үйлестіру. Бөлімнің жұмысын және өңірдегі барлық мемлекеттік құрылымдармен тиімді өзара әрекет етуін ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметі тиімділігінің жиынтық талдауын жүзеге асыру. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында бақылаулы іс-шаралар жүргізу. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша ұсынымдар даярлау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөнінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру. Қызметтерді көрсету процесіне тартылған қызметкерлерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың ережелерін, сондай-ақ осы саланы реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша шаралар қабылдау.
Бөлімнің қызметкерлері:
| Бас маман | Мухамедиянова Дильназ Ериковна | 30-502 |
| Бас маман | 30-248 |

