Әбілбеков Арман Төлеуғазыұлы

    Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы

    Әбілбеков Арман Төлеуғазыұлы
    Руководитель отдела

    Әбілбеков Арман Төлеуғазыұлы

    Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Мен Әбілбеков Арман Төлеуғазыұлы 1985 жылы 11 қаңтарда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. 2002 жылы Семей қаласындағы Қазақ қаржы экономикалық институтына түсіп 2006 жылына экономист мамандығын толық курсын бітірдім. 2006 жылдың 15 тамызынан бастап аудан әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік құқықтық бөлімінің статист қызметіне уақытша жұмысқа қабылдандым. Өз өтінішім негізінде 2007 жылы 02 мамырдан бастап босатылдым. 2007 жылы 02 мамырдан бастап аудан әкімінің аппараты кеңсесінің жетекші маманы болып тағайындалдым. 2008 жылы 2 маусымынан бастап ауысу тәртібі бойынша жұмыстан босатылдым. 2008 жылдың 10 маусымынан бастап экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалдым. Ауысу тәртібі бойынша 2013 жылының 22 мамырынан бастап экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік саясат және жоспарлау секторының меңгерушісі лауазымына тағайындалдым. 2016 жылдың 24 қазаннан бастап Тарбағатай ауданының сайлау комиссиясының шешімінің негізінде Көкжыра ауылдық округінің әкімі болып тағайындалдым. 2018 жылдың 09 шілдесінен бастап Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалдым. 2020 жылдың 22 желтоқсанынан бастап Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі басшысы болып тағайындалдым. 2022 жылдың 01 қыркүйегінен бастап өз өтінішім негізінде жұмыстан босатылдым. 2022 жылдың 02 қыркүйегінен бастап, конкурстық негізде Ақсуат ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, заң, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметкерлерді мониторингілеу бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалдым.

    Әкем: Суйесінов Төлеуғазы Әбілбекұлы 1954 жылы 13 ақпанда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында дүниеге келді. 1984 жылы қайтыс болды. Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында жерленді.

    Шешем: Бекшойынова Бағила Ермекқызы 1953 жылы 10 қазанда Семей облысы, Баршатас ауданы, Горный ауылында дүниеге келді. Қазіргі уақытта зейнеткер. Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында тұрады.

    Ағам: Әбілбеков Нұртас Төлеуғазыұлы 1979 жылы 16 қазанда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында дүниеге келді. Қазіргі уақытта зейнеткер, үйленген. Абай облысы, Семей қаласында тұрады.

    Ағам: Әбілбеков Нұржан Төлеуғазыұлы 1982 жылы 19 қарашада Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында дүниеге келді. Қазіргі АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ШҚО – тық аумақтықинспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бөлімше меңгерушісі қызметін атқарады. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында тұрады, үйленген.

    2014 жылы маусым айында Кәкешова Сабина Қайратқызымен семья құрдым. Ағайын туыстарым және өзім сотты болған жоқпын.

    Ұлым Абилбеков Айбар Арманұлы 2015 жылы 07 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келді. Қазір Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылындағы «М.Әуезов» атындағы орта мектебінің 2 сынып оқушысы.

    Ұлым Абилбеков Ералы Арманұлы 2017 жылы 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келді. Қазір Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылындағы «М.Әуезов» атындағы орта мектебінің 0 сынып тәрбиеленушісі.

    Қызым Абилбекова Гүлім Арманқызы 2020 жылы 06 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келді. Қазір Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылындағы «Асыл» балабақшасында.

    Ұлым Абилбеков Ерасыл Арманұлы 2022 жылы 09 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келді. Қазір Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында.

    Жолдасым: Какешова Сабина Қайратқызы 1991 жылы 03 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келді. Қазір Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында бала күтіміне байланысты үйде.

    Мен Әбілбеков Арман Төлеуғазыұлы отбасылық жағдайыма байланысты әскер қатарында болған жоқпын.

    Атам, апам туралы мәлімет жоқ.

    Мен және жақын туыстарым Қазақстан Республикасы азаматтары. Азаматтықтарын ауыстырған жоқ.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері