Жанаков Гадылжан -
Божығұр ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
5 қаңтар 1962 жылы Семей облысы Жарма ауданы Белтерек ауылында туған.
1984 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын мал дәрігері мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1978 жылы Торғай совхозының құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып бастады. 1987-1993 жылдары «Белтерек» совхозының ветеринарлық фельдшері, 1993-1995 жылдары «Белтерек» совхозының мал шаруашылығы бойынша директордың орынбасары, 1995-2009 жылдары «Қуаныш» шаруа қожалығының басшысы, 2009-2013 жылдары Белетерк ауылдық округінің әкімі, 2013-2014 жылдары Шар қаласының әкімі, 2014-2017 жылдары «Қуаныш» шаруа қожалығының басшысы, 2017-2019 жылдары «Карадоңғал» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарды.
2019 жылдың 19 желтоқсанынан Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде Жарма ауданы әкімінің өкімімен Божығұр ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.




