
Өмірбаян
Ахат Әскербекұлы 1986 жылы туған, Қарқаралы ауданының тумасы. Екі жоғары білімі бар. 2008 жылы Е.А. Букетова атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін бітірген, 2019 жылы - Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетін бітірген.
Біліктілігі бойынша – "Информатика", "Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу".
Еңбек жолын 2010 жылы "WTO ақпараттық жүйелер орталығы"ЖШС тестілеу және енгізу жөніндегі инженер-маман (Қарқаралы ауданы бойынша өңірлік өкіл) болып бастады.
2015 жылы желтоқсан айынан бастап мемлекеттік қызметте. 2020 жылдың 20 қарашасынан Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2023 жылдың қыркүйек айында Қарқаралы ауданы Қаракөл ауылдық округі әкімі болып тағайындалды.




