Көшербаев Бауыржан Дүйсенбекұлы

    ШҚО Үлкен Нарын ауданының прокуроры

    Өмірбаян

    Бауыржан Көшербаев 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Тарбағатай ауданының прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.
    Әр жылдары ШҚО прокуратурасының сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының аға прокуроры, облыс прокурорының көмекшісі, ШҚО прокуратурасының қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының облыс прокурорының көмекшісі, ШҚО Жарма ауданы прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.
    Соңғы үш жылда Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының басқармасын басқарды.
    Прокуратура органдарындағы өтілі – 18 жылдан астам. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері