
Өмірбаян
Мейржан Жақыпбекұлы 1985 жылғы 11 қарашада Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келген. Қазак Ұлттық аграрлық университетін «Ветеринария» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Әр жылдары облыстың ветеринария саласында түрлі жауапты қызметтер атқарған.
Еңбек жолы:
2007-2008 жылдары "Жылы бұлақ Меркі" ЖШС-нің мал дәрігері қызметін атқарған. 2009 жылы Меркі-Мал дәрігері ЖШС-нің мал дәрігері. 2011 жылы Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі ШЖҚ КМК-ның, мал дәрігері. 2012 жылы Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі ШЖҚ КМК-ның, веттехнигі. 2013-2016 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі ШЖҚ КМК-ның Кеңес ветеринариялық бөлімшесінің меңгерушісі. 2016-2017 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі ШЖҚ КМК-ның бас ветеринар дәрігері. 2017-2020 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі ШЖҚ КМК-ның Аспара ветеринариялық бөлімшесінің меңгерушісі. 2020-2026 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі ШЖҚ КМК-ның меңгерушісі. 2026 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының «Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.




