
Өмірбаян
Ержан Серікұлы 1988 жылы туған, Қарқаралы ауданының тумасы. Екі жоғары білімі бар. 2009 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2011 жылы Қарағанды "Болашақ"университетін бітірген. Біліктілігі бойынша-заңгер, менеджмент бакалавры.
Еңбек жолын 2010 жылы Қарқаралы ауданы Бесоба селолық округі әкімі аппаратында есепші болып бастаған.
2014 жылдан бері мемлекеттік қызметте.
2014 - 2018 жылдары «Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ауылшаруашылық саласында бас маман қызметін атқарған.
2019 жылдың 4 ақпанында Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық округі әкімі болып тағайындалды.




