
Өмірбаян
Қапан Нурлан Қапанұлы 1978 жылы туған, Қарқаралы ауданы, Тегісшілдік ауылының тумасы. Бір жоғары білімі бар. 2000 жылы Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Біліктілігі бойынша-заңгер құқықтанушы.
Еңбек жолын 2000 жылы «Қапан» шаруа қожалығында заңгер болып бастаған.
2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2005 жылдан 2015 жылға дейін «Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де жетекші маман болып жұмыс істеген. 2015 жылы Тегісшілдік ауылдық округі әкімі болып тағайындалған. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Тегісшілдік ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарады.




