
Өмірбаян
Мейрлан Садуакасов 1978 жылы 29 қарашада Егіндібұлақ ауылында туған. Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университетін 2000 жылы құрылысшы-инженер-технолог мамандығы бойынша оқып бітірген.
Еңбек жолын Қарағайлы кен байыту кентінде энерго-технологиялық қондырғыларды жөндеу және орналастыру жөніндегі мамандандырылған басқармасында №8 учаске мастері болып бастаған.
2006-2007 жылдары «Қарағанды жер ғылыми өндірістік орталығы» мекемесінің жетекші маманы, 2007-2012 жылдары Қарқаралы ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, 2012-2013 жылдары аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, одан кейін басшысы, 2013-2016 жылдары Шарықты ауылдық округінің әкімі болып қызмет етті.
2017-2019 жылдары Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары, 2020-2024 жылдары Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі, 2024-2025 жылдары Қарқаралы қаласы әкімінің орынбасары болды.
2025 жлы 22 қаңтарда Қарқаралы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.




