
Чурбанов Айдар Жагипарович
Багратион ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Чурбанов Айдар Жағыпарұлы 1969 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Таврия орта мектебін бітірді.
1987-1989 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеді. Еңбек өтілі 39 жыл. 1996-2014 жылдары - Ішкі істер министрлігінде қызмет етті. 1996 жылы - жүргізуші, 1997 жылы - учаскелік ПДН (кәмелетке толмаған жасөспірімдер инспекторы), 1999-2007 жылдары - Ұлан аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, 2007 жылдан 2014 жылға дейін - Таврия полиция бөлім бастығы болып қызметтер атқарды. Қызмет өткерген уақытында мінсіз қызметі үшін бірнеше рет Ішкі істер министрлігі тарапынан көтермеленді. «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 2014 жылы подполковник шенімен запасқа ауыстырылды. 2017-2022 жылдардан «Багратион ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде әкім болып жұмыс атқарады.