Привольное ауылында футбол алаңының ашылуы
Бугүн Привольное ауылында көптен күткен қуанышты оқиға - жаңа футбол алаңының ашылу салтанаты өтті! Бұл - ауылымыздың балалары мен жастарына жасалған тамаша мүмкіндік. Енді жас спортшылар бос уақыттарын тиімді өткізіп, денсаулықтарын нығайтып, шапшаңдық пен ептіліктерін дамытып, командалық рухты қалыптастыра алады. Футбол - тек ойын ғана емес, ол достық, денсаулық, жігер жәнежеңіске деген ұмтылыс. Осы игі істің жүзеге асуына үлес қосқан барша азаматтарға алғысымызды бідіреміз. Спортты дамытуға қосқан еңбектеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз. Жас футболшыларға сәттілік , әдемі ойындар және үлкен жеңістер тілейміз.