Қасымханов Мирлан Дәлелханұлы
Аршалы ауылдық округ әкімі
Өмірбаян
Қасымханов Мирлан Дәлелханұлы 1980 жылы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылдық округінде дүниеге келген. Ұлты қазақ.
1997 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылының
Тұрлыхан Қасенов атындағы орта мектебің бітірген.
1997 – 2002 жылдары Семей мемлекеттік университетін ветеринариялық санитария мамандығы бойынша оқыған.
2002 жылы әскерге шақырылды. Кіші сержант атағын алды.
2003 - 2006 жылдары аралығында Қапанбұлақ ауылындағы "Қапан-Ата" шаруа қожалығында мал дәрігері.
2006 - 2010 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ауыл шаруашылығы басқармаларында ветеринарлық лицензиаты.
2012 – 2015 жылдары Қапанбұлақ ауылдық округі Жарма ауданының ветеринария қызметі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында мал дәрігері.
2015 – 2020 жылдары аралығында Қапанбұлақ ауылдық округінің ветеринария орталығының басшысы.
2020 жылдың 2 қазанынан бастап Қапанбұлақ ауылдық округінің әкімі.
Қазіргі таңда Аршалы ауылдық округінің әкімі.




