
Тилемисов Жоламан Алиевич
Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Тилемисов Жоламан Алиевич 1962 жылдың 24 маусымында Қарқаралы ауданы Аппаз ауылында дүниеге келген. Қазақ. 1981 жылы Мичурин совхоз-техникумын бітірген, механик-техник мамандығымен. 1992 жылы Целиноград ауыл шарушылығы институтын аяқтап, инженер-механик біліктілігін алған.Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл атындағы совхозда МТМ механигі болып қызмет бастаған. 1981-1983 жылдары Совет Армиясы қатарында, 1984 жылдан – 1990 жылға дейін бастауыш комсомол ұйымының хатшысы.1990-1994 жылға дейін совхозда автогараж меңгерушісі болды. 1994 жылдан 1997 жылға дейін Мамыраев атындағы совхозда бас инженер болып қызмет атқарған. 1997 жылдан Аппаз шаруа қожалығында бригадир, бас инженер болып қызмет атқарған. 2016 жылдан – 2018 жылға дейін Қарқаралы ауданы ауыл шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет атқарған. 2018 жылдан бастап Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған.
