
Нурхайдаров Мартбек Капышевич
әкім аппартының бас маманы
Өмірбаян
Нұрхайдаров Мартбек Капышевич 29 наурыз 1977 жылы Қарқаралы ауданы Аппаз ауылында дүниеге келген.1984 жылы мектеп табалдырығын аттап,1994 жылы аталған мектепті аяқтаған.1994 жылы Қарағанды педагогикалық институтының әлеуметтік педагогика факультетіне түсіп,1998 жылы әлеуметтік педагог практикалық психолог мамандығы бойынша аталған институтты бітірген.1998 жылы Семей қаласына әскер қатарына қосылып,1999 жылы өтеп келді.Отбасылы,3 бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 1999 жылы қараша айында бастаған. 1999 жылдан 2002 жылға дейін «Аппаз» шаруа қожалығында көмекші шопан болып, 2002 жылдан 2007 жылғы қарашаға дейін Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында әскери-есеп стол маманы болып жұмыс істеп, өз өтініші бойынша жұмыстан босатылды.2007 жылдың қарашасынан бүгінгі күнге дейін «Қарқаралы ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маман болып жұмыс істейді.
