Досмұхамбетов Айдос Жеңісұлы

    Еңбек ауылдық округінің әкімі

    Досмұхамбетов Айдос Жеңісұлы
    Аким

    Досмұхамбетов Айдос Жеңісұлы

    Еңбек ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Досмұхамбетов Айдос Жеңісұлы 1985 жылы 6 сәуірде туған,

    Білімі жоғары,

    Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек қызметін 2007 жылғы 29 тамыздан 2009 жылғы 1 қыркүйекке дейін Жамбыл облысы Меркі ауданы Гранитогорск кентіндегі №8 Гранитогорск орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастаған.

    2010 жылғы 1 наурыздан 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін Гранитогорск кентіндегі №8 Гранитогорск орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеген.

    2012 жылғы 20 тамыздан 2015 жылғы 27 шілдеге дейін Ақкөл қаласындағы «№1 Балалар үйі» КММ-де ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеген.

    2015 жылғы 28 шілдеден 2015 жылғы 19 тамызға дейін Ақкөл қаласындағы №3 орта мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеген.

    2015 жылғы 19 тамыздан 2016 жылғы 1 қазанға дейін Ақкөл қаласындағы №3 орта мектепке оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары лауазымына ауыстырылған.

    2016 жылғы 1 қазаннан 2018 жылғы 12 ақпанға дейін Ақкөл қаласындағы Ақкөл аудандық білім бөлімінде әдіскер болып жұмыс істеген.

    2018 жылғы 12 ақпаннан 2018 жылғы 15 тамызға дейін Ақкөл ауданы Урюпинка ауылы Урюпин орта мектебінің директорының міндетін атқарушы болып тағайындалған.

    2018 жылғы 15 тамыздан 2022 жылғы 2 тамызға дейін Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған.

    2022 жылғы 2 тамыздан 2023 жылғы 18 қаңтарға дейін Ж. Бектұров атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары лауазымына ауыстырылған.

    2023 жылғы 19 қаңтардан 2025 жылғы 16 мамырға дейін Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

    2025 жылғы 16 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімі болып сайланған.