Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты
Еңбек ауылдық округі (Еңбек ауылы) аудан орталығынан 20 км қашықтықта орналасқан және халқы 819 адамнан тұратын орталық мүлік болып табылады. Жалпы ауданы 50680 га, оның ішінде елді мекеннің аумағы 2232 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 17530 га құрайды. Округте 980 адам, 329 үй бар. Округтегі ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 502, орыстар – 333, украиндар – 45, немістер – 117, басқа ұлттар-62. Жеке аулаларда 1.01.2024 жылға ІҚМ-379 бас, ұсақ мал - 694 бас, жылқы - 392 бас, шошқа – 132 бас, құс - 2853 Бас бар.
Округ әкімінің аппаратын округ әкімі Айдос Жеңісұлы Досмұхамбетов басқарады. Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты құрамында округ әкімі, 2 маман және 3 штаттан тыс қызметкер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес осы әкімшілік-аумақтық бірлікте абаттандыру, жер қатынастары, шаруашылық бойынша есепке алу, Әскери міндет, салық заңнамасы мәселелерін реттеуді, мемлекеттік қызметтер көрсетуді және басқаларын ұйымдастырады өз құзыреті шегіндегі мәселелер.
Құжаттар
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығы министрі2026 жылғы 3 сәуірдегі№ 118 бұйрығына4-қосымшаҚазақстан РеспубликасыАуыл шаруашылығыминистрінің2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына4-қосымша "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері; 3) жер комиссиясы – өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекендер жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындауға арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы алқалы орган; 4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі; 5) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі; 6) пайдаланушының "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылға арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы; 7) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект; 8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы. 2-тарау. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауылдық округтер әкімдердері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші/Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: елді мекеннің шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда: 1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады; 2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады; 3) 1 (бір) жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы келіп түскен өтінішті тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚБ), ал аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі – жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚБ) жібереді. 4) ҚБ өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде орналасуы жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді. 5) келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тиісті қорытындылар ұсынады. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, сейсмикалық аймақтарда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті келісуге және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімді беруге жол берілмейді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы шешімге сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу картасы және (немесе) сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің картасы қоса беріледі. Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҚБ көрсетілетін қызметті берушіге жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді; 6) келісуші мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, ҚБ ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жиынтық қорытындыны дайындайды және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімнің жобасын дайындау үшін жолдайды; 7) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі ҚБ-дан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жиынтық қорытынды келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданады; 8) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды; 9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын қоса бере отырып, көрсетілген қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін курьер арқылы беруге жібереді; 10) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын, тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады; елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда: 1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады; 2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді; 3) көрсетілетін қызметті берушінің (облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді; 4) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді. 5) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, сейсмикалық аймақтарда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті келісуге және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімді беруге жол берілмейді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы шешімге сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу картасы және (немесе) сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің картасы қоса беріледі. Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға ол түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді; 6) келісуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсынысы бар материалдарды ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясына енгізеді; 7) жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады; 8) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін дайындайды; 9) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер комиссиясының тиісті қорытындысы негізінде қабылданады; 10) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды; 11) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартымен қоса курьер арқылы беруге жібереді; 2) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады. Порталға жүгінген кезде: елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда: 1) өтініш автоматты түрде қалыптастырылады; 2) көрсетілетін қызметті берушінің (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті тиісті ҚБ-ға жібереді; 3) ҚБ өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде орналасуы жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға келісуге жібереді; 4) келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тиісті қорытындылар ұсынады. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, сейсмикалық аймақтарда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті келісуге және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімді беруге жол берілмейді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы шешімге сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу картасы және (немесе) сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің картасы қоса беріледі. Келісуші мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол ҚБ-ға келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тарту жолданады; 5) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҚБ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қорытынды дайындайды және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жобасын дайындау үшін жіберіледі; 6) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі ҚБ-дан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қорытынды келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданады; 7) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім негізінде жер учаскесін сатып алу-сату сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды; 8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жер учаскесін сатып алу-сату сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жібереді; елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен жағдайда: 1) өтініш автоматты түрде қалыптастырылады; 2) көрсетілетін қызметті берушінің (облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінішті облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді; 3) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді; 4) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, сейсмикалық аймақтарда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті келісуге және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімді беруге жол берілмейді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы шешімге сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу картасы және (немесе) сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің картасы қоса беріледі. Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға ол түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді; 5) келісуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсынысы бар материалдарды ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясына енгізеді; 6) жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады; 7) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін дайындайды; 8) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның негізінде қабылданады; 9) облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды; 10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы тиісті шешімін жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауөткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдауды хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ҚБ/жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді. Цифрлық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган –тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес: 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу; 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. "Жер учаскесінің нысаналымақсатын өзгертуге шешімберу" мемлекеттік қызметінкөрсету қағидаларына1-қосымша "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауылдық округтер әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; 2) "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 8 (сегіз) жұмыс күніне дейінгі мерзімде; 2) елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде. Көрсетілген мерзімдерге жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасау мерзімі кірмейді. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде. 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын (жер учаскесі сатып алынған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. 6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорация "Азаматтарға арналған үкімет" халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін; 2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін; 3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш; 2) жер комиссиясының оң шешімі (елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын (елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) өзгерту туралы оң қорытынды болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде: бюджет кірісіне жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу, бюджетке Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу қажет болған жағдайда, оның нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі; 3) әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында және Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 6-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) Кодекстің 49-1-бабының 3, 4 және 8-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы; 4) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. 10 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. "Жер учаскесінің нысаналымақсатын өзгертуге шешімберу" мемлекеттік қызметінкөрсету қағидаларына2-қосымшаНысан_______________________әкімі(облыстың, республикалықмаңызы бар қаланың, астананың,ауданның, облыстық жәнеаудандық маңызы бар қаланың,кенттің, ауылдың, ауылдықокругтің)____________________________(аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)Кімнен ______________________(жеке тұлғаның аты, әкесініңаты (бар болса), тегі не заңдытұлғаның толық атауы)____________________________(жеке сәйкестендірунөмірі небизнес-сәйкестендіру нөмірі)____________________________жеке тұлғаның немесе жекенемесе заңды тұлға өкілініңжеке басын куәландыратынқұжаттың деректемелері,____________________________байланыс телефоны (бар болса),____________________________орналасқан жерінің мекенжайы(заңды тұлғалар үшін) не___________________________тұрғылықты мекенжайы (жекетұлғалар үшін) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш Сізден __________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан (жер учаскесінің орналасқан жері) маған жеке меншік (жер пайдалану) құқығында тиесілі кадастрлық нөмірі _________________________ алаңы __________гектар жер учаскесінің нысаналы мақсатын ________ __________________________________________________________ байланысты (жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту себебін көрсету) ___________________________________________________________ нысаналы мақсатынан ___________________________________________________ нысаналы мақсатына _________________________________________________ өзгертуіңізді сұраймын. Құқық белгілейтін құжат ______жылғы __________ № _____ сәйкестендіру құжаты _____ жылғы ____ _______ № ______ немесе жер-кадастрлық жоспар_______ жылғы ____ _________ № ______ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі. Көрсетілетін қызметті алушы ___________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) 20 жылғы " " _________ "Жер учаскесінің нысаналымақсатын өзгертуге шешімберу" мемлекеттік қызметінкөрсету қағидаларына3-қосымшаНысан Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Наименование услугодателя ШЕШІМ РЕШЕНИЕ № ____________________ "___" ___________ 20___ жылғы Қаласы, ауылы, кенті город, село, поселок Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабына сәйкес ШЕШТІ: _____________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі немесе заңды тұлғаның атауы) 20 ___ жылғы "___" _____ № _____ _______________________________ негізінде (жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланудың мүмкін екендігі туралы қорытынды не жер комиссиясының қорытындысы) ___________________________________________________________ орналасқан, (жер учаскесінің орналасқан жері) кадастрлық нөмірі ______________, құқығымен тиесілі ______________________ (жерге құқық түрі, ауыртпалықтар, сервитуттар) алаңы ______________ гектар, ________________________________жерлерінен (алаңы, гектар) (жер санаты) жер учаскесінің нысаналы мақсаты _______________________________________ ___________________________________________________________ өзгертілсін. (бұрынғы нысаналы мақсаты) (жаңа нысаналы мақсаты) Жер учаскесі телімінің түрі _____________________________________________. (нысаналы мақсатын жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін өзгерткен жағдайда) Жер учаскесінің сатып алу бағасы және өзгертілген нысаналы мақсаты үшін жер учаскесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құнына тең бюджетке төленуге тиісті сома: ___________ теңгені құрайды, не өзгертілген нысаналы мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең бюджетке төленуге тиісті сома: _____________ теңгені құрайды. Бөліп төлеуді ұсынған жағдайда, төлемді жүргізу мерзімдері __________. Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға 2 (екі) жұмыс күні ішінде (сатып алу-сату) шартын жасассын ___________________________________________________________________, (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауы) Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін. Осы шешім жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді. Лауазымы Аты-жөні "Жер учаскесінің нысаналымақсатын өзгертуге шешімберу" мемлекеттік қызметінкөрсету қағидаларына4-қосымшаНысан Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені: _____________________________________________________________ (бас тарту себептерін санамалау) Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз): _____________________________________________________________ (тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы) Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________________________________ (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20 жылғы "____" __________________
Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту
Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығы министрі2026 жылғы 3 сәуірдегі№ 118 бұйрығына1-қосымшаҚазақстан РеспубликасыАуыл шаруашылығыминистрінің2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына1-қосымша "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері; 3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі; 4) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі; 5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект; 6) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы; 7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы. 2-тарау. "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. Қағидаларда 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуға өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал және қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жеке кабинетке мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және құжаттар қабылданған күні оларды басшыға тапсырады. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады және жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға не объект салу, қызмет көрсету, орналастыру үшін ұсынылған жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жолдайды. Құжаттар келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды. Объектінің құрылысы, қызмет көрсету, орналастыру үшін берілген жер учаскелері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін кадастрлық құжаттамамен сәйкестендіреді, сәулет-жоспарлау тапсырмалары талаптарының сақталуын тексереді, қорытынды дайындайды және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жолдайды. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттiк корпорацияға жер учаскесi шекараларының өзгермейтіндігі туралы мәлiметтерді беру туралы сұраным жолдайды, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің нәтижелерін қарастырады. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда: 1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды жинақтап қорытындылайды, жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасын әзірлейді; 2) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасымен келіседі; 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешім жобасына қол қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінің көшірмесі жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасау үшін жолданады. Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының жобасын әзірлейді. Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шартқа қол қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган басшысының қолы қойылған жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шарт портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қояды. Уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын уақтылы жасамау не оны жасаудан бас тарту осындай шартты жасасу мерзімі өткен не бас тарту келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің күшін жою үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану не уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді. Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес: 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу; 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. "Жер учаскесінің жалдаумерзімін ұзарту" мемлекеттікқызметін көрсету қағидаларына1-қосымша "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші). 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал). 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні ішінде. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара цифрландырылған/қағаз түрінде). 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. 6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда 13.00-14.30-ке дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 17.00-ға дейін; 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) порталда орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Көрсетілетін қызметті берушіге: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш; 2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар); 3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі (шарт туралы ақпарат бірыңғай мемлекеттік жер кадастры цифрлық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады); 4) әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартқан жағдайда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес берілетін әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат; порталға: 1) қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш; 2) сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар); 3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың электрондық көшірмесі (шарт туралы ақпарат бірыңғай мемлекеттік жер кадастры цифрлық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады); 4) әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартқан жағдайда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес берілетін әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсатының электрондық көшірмесі. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 37-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінде және 2-2-тармағында, 81-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында және 121-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы; 4) Жер кодексінің 92-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның шешімдерін және уақытша өтеулі жер пайдалану шартының талаптарын орындамау, жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбау (егер жобалық-сметалық құжаттамада неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе). 10 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. "Жер учаскесінің жалдаумерзімін ұзарту" мемлекеттікқызметін көрсету қағидаларына2-қосымшаНысан_______________________әкімі(облыстың, қаланың, ауданның,кенттің, ауылдың, ауылдықокругтің)________________________________________________________кімнен ___________________________________________________жеке тұлғаның аты, әкесініңаты (бар болса), тегі не заңды____________________________тұлғаның толық атауы)________________________________________________________(жеке сәйкестендіру нөмірі небизнес-сәйкестендіру нөмірі)________________________________________________________(жеке тұлғаның немесе заңдытұлғаның немесе өкілінің жекебасын куәландыратын құжаттыңдеректемелері,____________________________байланыс телефоны (бар болса),________________________________________________________орналасқан жерінің мекенжайы(заңды тұлғалар үшін) не____________________________тұрғылықты мекенжайы(жеке тұлғалар үшін)) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартуға өтініш ___________________________________________________ мекенжайы (мекенжайы (орналасқан жері), жер учаскесінің кадастрлық нөмірі) бойынша орналасқан, алаңы_______ гектар жер учаскесіне жаңа мерзімге _______ жылға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) ________________________________________________________ үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) құқығын беруіңізді сұраймын. Дербес деректерімді және "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі. ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ көрсетілетін қызметті алушының қолы (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде/электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде) 20___жылғы " __" _________ "Жер учаскесінің жалдаумерзімін ұзарту" мемлекеттікқызметін көрсету қағидаларына3-қосымшаНысан Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені: _____________________________________________________________ (бас тарту себептерін санамалау) Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз): _____________________________________________________________ (тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы) Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________________________________ (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20 жылғы "____" __________________
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату
Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығы министрі2026 жылғы 3 сәуірдегі№ 118 бұйрығына14-қосымшаҚазақстан РеспубликасыАуыл шаруашылығыминистрінің2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына14-қосымша "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі; 2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект; 3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы; 4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы. 2-тарау. "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және оларды құжаттар келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына орындау үшін жібереді; 3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды; 4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде: көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді; кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді; 5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді; 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды; 7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім кеңсе арқылы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде: 1) өтінім көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келіп түседі; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және құжаттар келіп түскен күні оларды орындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді; 3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды; 4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде: көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді; кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді; 5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді; 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды; 7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді. Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес: 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу; 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. "Жер учаскесін жеке меншіккеақысын бірден төлеп не бөліптөлеу арқылы сату" мемлекеттікқызметін көрсету қағидаларына1-қосымша "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). 2 Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы. 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде. 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. 6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады. 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш; 2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мыналарды ұсынады: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш; 2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді. 9 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. 10 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда не бір реттік құпиясөз арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы "пайдаланушының кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне өтiнiш жасамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші беру үшін олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін олар құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) одан әрі сақтау үшін береді. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік құпиясөз арқылы мобильді қосымшада авторизациядан өтіп, "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау керек. "Жер учаскесін жеке меншіккеақысын бірден төлеп не бөліптөлеу арқылы сату" мемлекеттікқызметін көрсету қағидаларына2-қосымшаНысан__________________әкіміне(облыстың, республикалық маңызы барқаланың, астананың, ауданның,облыстық және аудандықмаңызы бар қаланың,кенттің, ауылдың, ауылдықокругтің)____________________________кімнен ______________________(жеке тұлғаның аты, әкесініңаты (бар болса), тегі не заңды____________________________тұлғаның толық атауы)____________________________(жеке сәйкестендіру нөмірі небизнес-сәйкестендіру нөмірі)____________________________(жеке тұлғаның немесе заңдытұлғаның немесе өкілінің жекебасын куәландыратын құжаттыңдеректемелері,____________________________байланыс телефоны (бар болса),____________________________орналасқан жерінің мекенжайы(заңды тұлғалар үшін) не____________________________тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш _________________________________________________________ үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) ____________________________________________________________________ (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)) _______________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан ауданы ____________ гектар жер учаскесіне ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы жеке меншік құқығын беруіңізді сұраймын. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілмегені туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралмағаны туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі. Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса),тегі/электрондық цифрлық қолтаңбасы) 20___жылғы " " "Жер учаскесін жеке меншіккеақысын бірден төлеп не бөліптөлеу арқылы сату" мемлекеттікқызметін көрсету қағидаларына3-қосымшаНысан Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені: ______________________________________________________________ (бас тарту себептерін санамалау) Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек): _______________________________________________________________ (тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы) Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________ (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20____ жылғы "____" ___________
Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығы министрі2026 жылғы 3 сәуірдегі№ 118 бұйрығына10-қосымшаҚазақстан РеспубликасыАуыл шаруашылығыминистрінің2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына10-қосымша "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2) жария кадастрлық карта – Қазақстан Республикасының жер, құқықтық, қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты (мәліметті), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың өзге де мәліметтерін қамтитын цифрлық карта; 3) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер; 3) жер комиссиясы – өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекен жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындауға арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы алқалы орган; 5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі; 6) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект; 7) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылға арналған құрамдасы; 8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы. 2-тарау. "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, жер учаскесі орналасқан жердегі ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алуға арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген жағдайда, өтініш пен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі. Бірінші кезең: осы тармаққа сәйкес сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау орналасуы жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде), жер комиссиясының қорытынды дайындауы – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде: 1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады; 2) құжаттар толық болған жағдайда операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді; 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және құзыреті шегінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін орындауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тұрған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды; 4) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді; 5) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады; 6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері: жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жолдайды; жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды; кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі. Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде: 1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болмаған кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды; 3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды; 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін курьер арқылы жібереді; 5) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес жеке басын куәландыратын не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттілігі көрсетілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттар ұсынылған кезде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі. Бірінші кезең: осы тармаққа сәйкес сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау орналасуы жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде), жер комиссиясының қорытынды дайындауы – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін құзыреті шегінде құжаттарды қарайды және жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарға орындауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойылған адамдар тізілімінде тұрса, онда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды; 3) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді; 4) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады; 5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері: жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды; жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда, жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды; кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді. Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде: 1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды; 3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1(бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартына қол қояды; 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі. Тыңдау өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдайды және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасады не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді. Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес: 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу; 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. "Сауда-саттықты(аукциондарды) өткізуді талапетпейтін мемлекетменшігіндегі жер учаскелерінеқұқықтарды алу" мемлекеттікқызметін көрсету қағидаларына1-қосымша "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; 2) "Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал). 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес, мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануына кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескере отырып айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде. 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. 6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін; 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 3) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі бірінші кезең: әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесі берілген жағдайда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес берілетін әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат. 1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жер учаскелерін мемлекет меншігінен беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім. 2. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 71-бабына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін олар бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар бұрын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат. 3. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттармен және сәулет-жоспарлау тапсырмасымен бірге сәулет және қала құрылысы органдары беретін трассалар схемаларына сәйкес өздеріне меншік және жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары). 4. Бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі болған жер учаскелеріне құқықтарды өздері алған немесе сатып алған жағдайда, құрылыс салу мақсатында Жер кодексінің 71-бабына сәйкес өздері бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта реновациялау бағдарламасы шеңберінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс шегінде көппәтерлі тұрғын үйлер мен олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт жасасқан заңды тұлғаларға: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат; 4) уәкілетті органмен бекітілген реновациялау бағдарламасы 5) көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы және олардың инженерлік-коммуникациялық желілері үшін "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысында үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт; 6) Жер кодексінің 71-бабында көзделген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттар (бөлініп берілген жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің әрбір меншік иесімен жасалған шарттар, жер учаскелерінің нысаналы мақсаты өзгерту туралы шешім немесе олардан мемлекет пайдасына бас тарту туралы шешім, объектіні кейіннен кәдеге жарату). 5. Кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиум қатысушылары: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) кондоминиум құру туралы хаттама; 4) кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау туралы көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы. 6. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қажетті инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (немесе) орналастыру үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт; 4) жер учаскесін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда – төмен тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы шешімі. 7. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы, арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысушысының мәртебесін растаушы құжат. 8. Аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан жасанды құрылысжайлар салу үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау органдарының жер учаскесінің орналасқан жерінің координаттары бар қорытындылары; 9. Теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыржолы көлігінің мұқтажы үшін, энергетика мен байланыс мұқтажы үшін, оның ішінде Кодекстің 119-бабына сәйкес ұялы, спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігі және байланыс және энергетика уәкілетті органдарының келісуі. 10. Халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланылатын объектілер (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылысжайлары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауға арналған инфрақұрылым), сондай-ақ Кодекстің 107-бабы 3-тармағының бесінші бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілер үшін: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) коммуникациялардың өту схемасы. 11. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық, бақ өсіру, саяжай құрылысын жүргізу үшін: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары). 12. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді салу, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (ауциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жергілікті атқарушы органның объектінің облыстың даму жоспарына енгізілгені туралы шешімі; 4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағы. 12. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындары: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары). 13. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестер не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлер: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты. 14. Инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар органдарының олардың құзыретіне сәйкес инвестициялық және инновациялық жобаны іске асыру туралы шешімі. 15. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімі. 16. Шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің қатысушылары (мүшелері) Кодекстің 101-бабының 3-тармағына сәйкес қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) қатысушылардың жалпы жиналысының құрамнан шығу туралы хаттамасы. 17. Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарт негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт; 4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда, инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағы. 18. Күрделі құрылыссыз балық шаруашылығын жүргізу мақсатында бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскелерінде балық өсіру объектілерін және оларға қызмет көрсету жөніндегі коммуникацияларды орналастыру үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұратылып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру туралы шешімнің көшірмесі; 4) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың көшірмесі. Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық. Портал арқылы жүгінген жағдайда тізбеде көрсетілген құжаттар элоктрондық құжаттар көшірмесі ретінде ұсынылады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушымемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы; 4) көрсетілетін қызметті алушының Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойылған адамдар тізілімінде болуы. 10 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. Көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда не бір реттік құпиясөз жолымен, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту керек, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжат таңдау қажет. "Сауда-саттықты(аукциондарды) өткізуді талапетпейтін мемлекет меншігіндегіжер учаскелеріне құқықтар алу"мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына2-қосымшаНысан________________ әкімі(облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысынаберілген аумақтағы), ауданныңжәне кенттің, ауылдың, ауылдықокругтің)____________________________(аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)кімнен ________________________(жеке тұлғаның аты, әкесініңаты (бар болса), тегі не заңдытұлғаның атауы)____________________________(жеке сәйкестендіру нөмірі небизнес сәйкестендіру нөмірі)____________________________(жеке тұлғаның немесе____________________________заңды тұлға өкілінің____________________________жеке басын куәландыратынқұжаттың деректемелері____________________________байланыс телефоны (бар болса),_______________________тұратын мекенжайы(жеке тұлғалар үшін)) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алуға өтініш _____________________________________________________ негізінде (негізді көрсету) ________________________________________________________________ үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) алаңы ____________ гектар_________________________________________ (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері) _______________________________________________________ орналасқан жер учаскесіне уақытша өтеулі/өтеусіз жер пайдалану, жеке меншік (керегінің астын сызу) құқығын беруіңізді сұраймын. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі. Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) "Сауда-саттықты (аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекетменшігіндегі жер учаскелерінеқұқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына3-қосымшаНысан Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Наименование услугодателя ШЕШІМ РЕШЕНИЕ № ____________________ "___" ___________ 20___ жылғы Қала, кент, ауыл город, поселок, село Жер учаскесіне құқығын беру туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес ШЕШТІ: _____________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі немесе жер учаскесіне құқық берілетін заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________ орналасқан жер учаскесіне, (жер учаскесінің орналасқан жері) _______________________________________________________________ үшін, (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) алаңы ___________ гектар, __________________________________ жерлерінен (алаңы, гектар) (жер санаты) жер учаскесіне __________________________________ құқық ұсынылсын. (жерге құқық түрі, ауыртпалықтар, сервитуттар) Жер учаскесі ______________________________ (бөлінеді/бөлінбейді) _______________________________________________________________ (жер учаскесін беруге байланысты өзге де мәліметтер, бар болса) Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органы 1 (бір) жұмыс күні ішінде (сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау)) шартын _____________________________________________________________ жасассын (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі не жер учаскесіне құқық берілетін заңды тұлғаның атауы) Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін. Осы шешім жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді. Лауазымы Аты-жөні "Сауда-саттықты (аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекетменшігіндегі жер учаскелерінеқұқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына4-қосымшаНысан Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені: ____________________________________________________________ (бас тарту себептерін санамалау) Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек): _____________________________________________________________ (тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы) Көрсетілетін қызметті беруші ____________________________________ (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20____ жылғы "____" ___________
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру
Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығы министрі2026 жылғы 3 сәуірдегі№ 118 бұйрығына9-қосымшаҚазақстан РеспубликасыАуыл шаруашылығыминистрінің2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына9-қосымша "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми цифрлық өзара іс-қимылына арналған "цифрлық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы; 3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасы Жер кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі; 4) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК) – жүргізу тәртібі осы Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе; 5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект; 6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы. 2-тарау. "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжатты иесінің келісімі болған жағдайда алады. Цифрлық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісуімен жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі. Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде: 1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады; 2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушіге береді; 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы) жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияны жүзеге асыратын, жер учаскесі орналасқан жердегі құрылымдық бөлімшесіне жібереді; 4) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды; 5) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде келісуге барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді. Келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды ұсынады. Табиғи монополиялар субъектілері сауалнама парағын алған күннен бастап техникалық шарттарды, ахуалдық схеманы және топографияны алу үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады. Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған жер учаскесі бойынша мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстары үшін смета қоса беріледі. Сұралып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация 3 (үш) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшеге жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты жібереді; 6) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – құрылымдық бөлімше 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде – құрылымдық бөлімше 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама дайындайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына қол қоюға жібереді; 7) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжат келіп түскен күні жер учаскесін таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны қарайды және оған қол қояды; 8) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін жер учаскесін таңдау актісін және жер-кадастрлық жұмыстарға (жер-кадастрлық жоспарды жасауға) сметаны жібереді. Жер учаскесін таңдау актісін келісу және жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызмет алушымен келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды. Жер учаскесін таңдау актісін келіскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын алу күні туралы хабарлама қол қою үшін береді. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Мемлекеттік корпорация құрылымдық бөлімшеге көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің күшін жою үшін қайтарады. Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келісу және жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасау – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде: 1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды дайындайды және оны облыстың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына (бұдан әрі – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган) жібереді; 2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын айқындайды; 3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды. 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды. Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар 1 (бір) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі; 5) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін жіберіледі; 6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді; 7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) алынған электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі. Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде келіп түскен құжаттарды тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды жер учаскесі орналасқан жердегі құрылымдық бөлімшеге жібереді; 3) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды; 4) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде келісуге барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді. Келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды ұсынады. Табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды, ахуалдық схеманы және топографияны алу үшін сауалнама парағын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады. Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған жер учаскесі бойынша мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстары үшін смета қоса беріледі. Сұралып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация 3 (үш) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшеге жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты жібереді; 5) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – құрылымдық бөлімше 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына қол қоюға жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама дайындайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына қол қоюға жібереді; 6) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжат келіп түскен күні жер учаскесін таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны қарайды және оған қол қояды; 7) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін ЭЦҚ қойылған, электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін және жер-кадастрлық жұмыстарға (жер-кадастрлық жоспарды жасауға) арналған сметаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін келісуді және оның жер-кадастрлық жұмыстар үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды. Жер учаскесін таңдау актісін келіскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын алу күні туралы хабарлама береді. Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде: 1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспар дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді; 2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын айқындайды; 3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды. 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды. Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар 1 (бір) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі; 5) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі; 6) көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау, жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) шарт жасасу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді. Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес: 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу; 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. "Кент, ауыл жерлеріненжер учаскесін беру"мемлекеттік қызметінкөрсету қағидаларына1-қосымша "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). 2 Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы. 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде. 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Көрсетілетін қызметті берушінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. 6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес; 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі бірінші кезең: 1. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін: 1) "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) арнайы есепке қою туралы хабарламаның электрондық көшірмесі (жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысы үшін сұралған жағдайда). 2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім. 3. Оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат (жер учаскесінде орналасқан ғимараттарды, құрылыстарды, құрылысжайларды пайдалануға беру актісі, азаматтық-құқықтық мәмле, сот шешімі); 4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосуға арналған сауалнама парағы; 5) жобалау алдындағы құжаттама (техникалық жоба). 4. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 71-бабына сәйкес құрылыс мақсаты үшін бұрын олар іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланатын құрылыс шегінде бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат. 5. Бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі болған жер учаскелеріне құқықтарды өздері алған немесе сатып алған жағдайда, құрылыс салу мақсатында Жер кодексінің 71-бабына сәйкес өздері бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта реновациялау бағдарламасы шеңберінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс шегінде көппәтерлі тұрғын үйлер мен олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт жасасқан заңды тұлғаларға: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат; 4) уәкілетті орган бекіткен реновациялау бағдарламасы; 5) көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы мен олардың инженерлік-коммуникациялық желілері үшін "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт; 6) Жер кодексінің 71-бабында көзделген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттар (бөлініп берілген жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің әрбір меншік иесімен жасалған шарттар, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім не олардан мемлекет пайдасына бас тарту туралы шешім, объектіні кейіннен кәдеге жарату). 6. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысына, арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысуы туралы растайтын құжат. 7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді салу, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жергілікті атқарушы органның объектінің облыстың даму жоспарына енгізілгені туралы шешімі; 4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағы. 8. Жер кодексінің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындары: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары). 9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестер не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлер: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты. 10. Инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты. 11. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жергілікті атқарушы органның шешімі және жобаны инвестициялық деп тану. Екінші кезең: келісілген жер учаскесін таңдау актісі, жер-кадастрлық жұмыстар қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі/электрондық көшірмесі. Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді. 9 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Жер кодексінің 44-1-бабының 9-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2-тармағында, 96-1-бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 78-бабының 5-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) Жер кодексінің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы. 10 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. "Кент, ауыл жерлерінен жеручаскесін беру" мемлекеттікқызметін көрсету қағидаларына2-қосымшаНысан______________________(облыстың, қаланың, ауданның)әкімі________________________(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)________________(жеке тұлғаның аты, әкесініңаты (бар болса), тегі не заңдытұлғаның толық атауы)____________________________(жеке сәйкестендіру нөміріне бизнес-сәйкестендірунөмірі)____________________________(жеке басын куәландыратынқұжаттың деректемелері)____________________________жеке тұлғаның немесе өкілдіңзаңды тұлғаның байланыстелефоны (бар болса),____________________________орналасқан жері, мекенжайы(заңды тұлғалар үшін)____________________________немесе тұрғылықты мекенжайы(жеке тұлғалар үшін) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш __________________________________________________________ орналасқан (жер учаскесінің орналасқан жері) алаңы _________________ гектар ___________________________________ үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) жер учаскесіне ____________ жыл мерзімге уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану құқығын беруіңізді сұраймын. Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) "Кент, ауыл жерлерінен жеручаскесін беру"мемлекеттік қызметінкөрсету қағидаларына3-қосымшаНысан Көрсетілеті қызметті берушінің атауы Наименование услугодателя ШЕШІМ РЕШЕНИЕ № ____________________ "___" ___________ 20___ жылғы Кент, ауыл поселок, село Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес ШЕШТІ: _____________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі немесе жер учаскесіне құқық берілетін заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________ орналасқан жер учаскесіне, (жер учаскесінің орналасқан жері) _______________________________________________________________ үшін, (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) алаңы ___________ гектар, __________________________________ жерлерінен (алаңы, гектар) (жер санаты) жер учаскесіне __________________________________ құқық ұсынылсын. (жерге құқық түрі, ауыртпалықтар, сервитуттар) Жер учаскесі ______________________________ (бөлінеді/бөлінбейді) _______________________________________________________________ (жер учаскесін беруге байланысты өзге де мәліметтер, бар болса) Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органы 1 (бір) жұмыс күні ішінде (сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау)) шартын _____________________________________________________________ жасассын (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі не жер учаскесіне құқық берілетін заңды тұлғаның атауы) Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін. Осы шешім жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді. Лауазымы Аты-жөні "Кент, ауыл жерлерінен жеручаскесін беру" мемлекеттікқызметін көрсету қағидаларына4-қосымшаНысан Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені: ______________________________________________________________ (бас тарту себептерін санамалау) Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек): _______________________________________________________________ (тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы) Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________ (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20____ жылғы "____" ___________