
Каипов Қанат Әбдібекұлы
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы
Өмірбаян
1965 жылы 6 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шақпақата ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары.
1982 - 1991 жылдары Жамбыл тамақ және жеңіл өнеркәсіп технологиялық институтында инженер-экономист мамандығы бойынша оқыған.
(1986-1988 жылдары әскер қатарында болған)
Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы агроөнеркәсіптік бірлестігінде қаржыгер-экономист қызметінен бастаған.
1992 - 1997 жылдары Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы атындағы агроөнеркәсіптік фирмасында аға есепші қызметін атқарған.
2003 - 2013 жылдары Жуалы аудандық Статистика басқармасында жетекші маман қызметін атқарған.
2013 -2014 жылдары Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2014 жылдың қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы қызметін атқаруда.





