Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімінің аппараты Шақпақ ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Жуалы ауданы әкімінің Шақпақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" №826 Жарлығына сәйкес, 2026 жылдың 30 қаңтарда Жуалы ауданының әкімі Шақпақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездеседі. Кездесу сағат 12:00-де №4 Балалар өнер мектебінің акт залында Шақпақата ауылы, Д.Пахомов көшесі № 45 мекенжайында өтеді.

    30 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    Детская школа искусств №4
    Анықтама

    Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының 2026 жылдың III тоқсанындағы мемлекеттік көрсетілген қызметтеріне талдау анықтамасы

    Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2026 жылдың ІIІ тоқсанындағы есебі Шақпақ ауылдық округі бойынша "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына сәйкес бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, олар: 1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою қағидасы; 2.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қағидасы; 3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру қағидасы; 4.Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату қағидасы; 5.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу қағидасы. 6.Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту қағидасы. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларына сәйкес,2026 жылдың ІIІ тоқсанында Шақпақ ауылдық округі бойынша 1 мемлекеттік қызмет түрінен 6 қызмет көрсетілді. Келісуші органдардың теріс жауабы негізінде 9 өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында2026 жылдың ІIІ тоқсанында 1іс-шара өткізіліп, 23 адам қамтылды. Шақпақ ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2026 жылдың ІIІ тоқсанында арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, округ әкімі аппараты арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау жұмыстары және кездесулер тоқсан сайын ұйымдастырылады. 2026 жылдың ІIІ тоқсанындаөзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан 126 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан тұрғындар жиі пайдаланатын ақпараттық жүйелер арқылы, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі (egov.kz), Электрондық еңбек биржасы мемлекеттік ақпараттық порталы (enbek.kz), Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау (elicense.kz) және т.б. кез келгенмемлекеттік қызмет түрлерін алуға қолжетімді.

    Жарияланды: