
Мектепбаев Олжас Амангелдіұлы
№32 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1983 жылдың 04 қыркүйегінде Ақтөбе қаласында дүниеге келді.
Білімі.
Жоғары-техникалық. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін 2005 жылы "экономика және кәсіпорынды қызмет салалары мен сфералары бойынша басқару" мамандығы бойынша үздік бітіріп, "инженер - экономист" біліктілігін иеленді.
Еңбек жолын 2004 жылы "Трансэнерго" ААҚ абоненттермен жұмыс жөніндегі бақылаушы болып бастаған. ЖОО – ның бітіргеннен кейін 2005 жылы "Трансэнерго" АҚ-да өндірістік-техникалық бөлімнің инженері ретінде жұмысын жалғастырды. 2006 жылы бас инженердің өндірістік база жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды. 2008 жылы "Трансэнерго" АҚ директорының бірінші орынбасары-бас инженері болып тағайындалды. 2017 жылдан 2020 жылдың қаңтарына дейін "Трансэнерго"АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың наурызына дейін "А.Т.Е. Жол" ЖШС бас инженері.
2020 жылдын 15 маусымынан бастап 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін "Қазтелерадио"АҚ Ақтөбе ОТДРТ директорының орынбасары.
2022 жылғы 19 қаңтардан бастап "Aqtobe su-energy group"АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2023 жылғы 15 мамырдан бастап "Aqtobe su-energy group"АҚ жылумен жабдықтау жөніндегі бас инженері қызметін атқаруда.
Ақтөбе қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымның депутаты.
Мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар.
Еңбектегі және қоғамдық жұмыстағы жетістіктері үшін Ақтөбе қаласы әкімінің, "AMANAT" партиясының және "Трансэнерго"АҚ басшылығының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталды.
Қазақстан Электр энергетикасы қауымдастығының "құрметті энергетигі" 2016 ж.
Қазақстан Электр энергетикасы қауымдастығының "еңбек сіңірген энергетигі " 2018 ж.
2023 жылғы 29 қазаннаң бастап №29 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымның депутаты болып сайланды.
Телефоны: + 7 (701) 752 10 77
E-mail: [email protected]
Instagram: olzhas_mektepbayev





