
Кентуғаев Айдос Зейнуллаұлы
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Айдос Зейнуллаұлы 1986 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2005-2008 жылдары аралығында Қазақ Бас сәулет және құрылыс Академиясында «Сәулетші», 2011-2013 ж.ж Орталық Азия университетінде «Заңгер», 2014-2015 жылдары осы оқу орнының «Өнеркәсіптік және Азаматтық құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.
2015-2016 жылдары Қазақ Бас сәулет және құрылыс Академиясында «Сәулетші» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.
2017-2019 жылдары Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша оқыған.
Еңбек жолын 2006 жылы "Проектный Центр" ЖШС 1-ші дәрежелі сәулетші болып бастаған;
2009-2012 ж.ж «Алматы қала құрылыс кадастры» мекемесінің жетекші сәулетшісі;
2012-2018 ж. ж. құрылыс және сәулет саласымен айналысатын жеке мекемелерде басшылық қызметтер атқарған;
2018-2019 ж.ж «АлматыБасЖоспар» ғылыми-зерттеу институты» директорының орынбасары;
2020-2023 ж.ж Түркістан қаласының архитекторы, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарды.
2024 жылғы 18 қаңтардан бастап Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Айдос Зейнуллаұлы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ауылшаруашылығы және жер қатынастары салаларына жетекшілік ететін болады.





