Ахметов Қали Алтайбайұлы

    Бөлім басшысы

    Ахметов Қали Алтайбайұлы
    Руководитель отдела

    Ахметов Қали Алтайбайұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Ахметов Қали Алтайбайұлы 1962 жылы 20 қазанда Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Васильковка ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.

    1978 жылы Васильков 8 жылдық мектебін бітіріп, Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Абай орта мектебінде оқуын жалғастырды. Мектепті бітіргеннен кейін Көкшетау облысы КОКП съезінің ХНУ атындағы совхозында жұмыс істеді.
    1981 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтының Көкшетау филиалының агрономия факультетіне түсіп, 1986 жылы бітірді.

    Еңбек жолын Көкшетау облысы КОКП XXIY съезі атындағы совхозда жұмысшы болып бастаған., содан кейін 1987-1989 жылдар аралығында Көкшетау облысы КОКП XXIY съезі атындағы совхоздың N2 3,4 трактор-дала бригадаларының агроном-есепшісі болып қызмет атқарды.
    1989 жылғы қарашадан 1991 жылғы маусымға дейін Қазақстан ЛКЖО Көкшетау аудандық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшасы.
    1992 жылғы маусымнан 1993 жылғы сәуірге дейін Көкшетау облысы Қазақстан Жастар Одағы Көкшетау аудандық комитетінің бірінші хатшысы, 1992 жылғы маусымнан 1994 жылғы сәуірге дейін Көкшетау аудандық әкімшілігінің жастар Комит жөніндегі комитетінің төрағасы.
    1994 жылғы сәуірден 1997 жылғы шілдеге дейін Көкшетау аудандық әкімшілігінің жастар ту, туризм және спорт комитетінің төрағасы, 1997 жылғы шілдеден 1998 жылғы ақпанға дейін Көкшетау ауданы таратылғаннан кейін СҚО Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығында есепте тұрды.
    1998 жылғы ақпаннан 2000 жылғы қаңтарға дейін Көкшетау қаласы әкімі жанындағы жастар ту, туризм және спорт департаментінің бастығы 2000 жылғы ақпаннан 2001 жылғы наурызға дейін "СА" ЖШС менеджері 2001 жылғы наурыздан 2001 жылғы тамызға дейін Көкшетау қаласы әкімі жанындағы мәдениет бөлімінің бас маманы.
    2001 жылғы тамыздан 2003 жылғы қарашаға дейін Көкшетау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы.
    2003 жылғы қарашадан 2004 жылғы қазанға дейін Көкшетау қаласы әкімінің көмекшісі.
    2004 жылғы қазаннан 2006 жылғы маусымға дейін Көкшетау қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
    2006 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ басшысы.
    2022 жылдың қаңтар айынан бастап "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"ММ басшысының орынбасары.
    13.02.2025 – "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері