Серікбаев Арман Алдібайұлы
Дулат ауылдық округінің бас маманы
Өмірбаян
1998 жылы Бөлтірік ауылындағы Әлия Молдағұлова атындағы орта мекетебіне қабылданып, 2009 жылы 11 жылдық білімді ойдағыдай аяқтап шықты. Мектеп қабырғасындағы түрлі іс-шаралардың белсенді қатысушысы және химия-матиматика пәні бойынша мектеп ішілік, аудандық олимпияда жеңімпазы. 2009 жылы Алматы қаласындағы Алматы техникалық университетінің білімгері атанып, 2013 жылы университеттің нұсқауымен Жамбыл облысы, Шу ауданы Төле би ауылдық округі әкімінің аппаратынан, 2014 жылы Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінен 3 (үш) айлық өндірістік тәжірибеден өткен. 2014 жылы Экономика және бизнес бакалавры дәрежесі бойынша «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын алып шықты.
Еңбек жолын 02.03.2015-02.05.2016 жылдары «Дулат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жастар ісі жөніндегі спорт әдіскері болып бастады.
25.08.2016-20.06.2017 жылдары «Дулат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жетекші маман.
21.06.2017 жылдан бүгінгі күнге дейін «Дулат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарып келеді.
