
Өмірбаян
Туған күні: 10.10.1988 ж.
Ұлты: Қазақ
Туған жері: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бәйдібек ауылы.
Шетел тілін білу: Орыс
Білімі, мамандығы: 2008 жылы Талдықорған экономика және технология колледжін қаржы мамандығы бойынша және 2019 жылы Шымкент қаласындағы РУДН университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолымды
2011 жылы Тараз қаласындағы ҚР Ұлттық Ұланы әскери бөлімінің бөлімше командирі взвод сержанты лауазымдарын атқардым.
2018 жылы Бәйдібек ауылында «Сағат» шаруа қожалығының жұмысшысы, Бірлік ауылында темір жол жөндеу ПМС мекемесінде монтері болып қызмет атқардым.
2019-2020 жылдары Бәйдібек ауылының М.Мәметова атындағы орта мектебінде жұмысшы болып қызмет атқардым.
2020-2021 жылдары Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының Дулат ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы болып қызмет атқардым.
2021 жылдың наурыз айынан бастап 2023 жылдың қараша айына дейін Дулат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқардым.
2023 жылдық қараша айының 13 күнінен бастап Дулат ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарудамын.