
Молдиманов Бахитжан Молдабекович
"Қызылордажылуэлектрорталығы" МКК-нің директоры
Өмірбаян
Молдиманов Бахитжан Молдабекович 05.01.1978 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Электроэнергетика» мамандығы бойынша білім алған. Энергетика саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман.
Еңбек жолын 1998 жылы «Қызылордаэнергоцентр» МКК-да турбина цехының аралаушы-машинисті қызметінен бастаған.
2002–2017 жылдар аралығында «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-да турбогенератор аға машинисті, турбина цехының ауысым басшысы, газотурбина қондырғысының ауысым басшысы, диспетчерлік қызметінің ауысым бастығы, турбина цехының басшысы орынбасары, турбина цехының бастығы, сондай-ақ бас инженердің орынбасары қызметтерін атқарды.
2017 жылдың өзінде аталмыш кәсіпорын филиалының директоры лауазымына тағайындалып, 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін аталған қызметті атқарды.
2021 жылғы 11 қаңтар мен 2022 жылғы 2 мамыр аралығында кәсіпорынның өндіріс бойынша директор орынбасары – бас инженер лауазымында жұмыс істеді.
2022 жылдың 3 мамырынан 2023 жылдың 4 қаңтарына дейін қайтадан кәсіпорын филиалының директоры болып қызмет атқарды.
2023 жылдың ақпан айынан бастап 2025 жылғы 14 мамырға дейін «Aksa Энерджи» ЖШС-де инженер-механик ретінде еңбек етті.
2025 жылғы 14 мамырдан бастап «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директорының міндетін уақытша атқарушы қызметін атқарып келді.
2025 жылғы 5 маусымнан бастап Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қарасты «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директоры лауазымына тағайындалды.



