
Өмірбаян
Балғабаев Ғабит Ибрагимұлы 1995 жылы 25 қазанда дүниеге келген.2002–2013 ж.ж. Ә. Жангелдин, М. Әбдіхалықов атындағы жалпы білім беретін мектептерде оқыған. 2018 жылы Алматы қаласындағы NARHOZ университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Жоғары білімді.
2019–2020 ж.ж. Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінде инспектор, Қызан ауылы әкімдігінде бас маман қызметтерін атқарды.
2020–2021 ж.ж. Маңғыстау аудандық жер қатынастары бөлімі бас маманы қызметін атқарды.
2021–2022 ж.ж. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив–ісі басқармасында мәдениет және өнер саласын дамыту бөлімі мен архивтер мен құжаттама бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2022–2023 ж.ж. Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының акваөсіру және субсидиялау бөлімінің бөлім басшысы қызметін атқарды.
2023 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қызан ауылының әкімі болып тағайындалды.