
Әмрина Бәтима Қайыргелдіқызы
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
Өмірбаян
1979 жылы туған. Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Ынтымақ ауылының тумасы. 1998 жылы Ақмола қаржы-экономикалық колледжі (бюджет және бюджеттік есеп бойынша қаржыгер), 2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысы М. Қозыбаев атындағы университетін (экономист-бухгалтер) бітірді.
1998 жыл — 2001 жыл «Петропавл қ. қаржылық басқармасы» ММ, қалалық бюджет кiрiстерi және шығындарын экономикалық талдау, статистика, әзiрлеу бөлiмiнiң аға маманы.
2001 жыл — 2008 жыл «Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» ММ, ақпараттық-талдау бөлiмiнiң бастығы.
2008 жылғы қарашадан 2016 жылғы сәуірге дейін «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ жиынтық-талдау бөлімінің басшысы.
2016 жыл 19 мамырдан бастап «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар» бөлiмiнiң басшысы.
2016 жылдың 25 қазанынан бастап "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ басшысы.
