
Отынчиев Аскар Кожахметович
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінің әкімі
Өмірбаян
Аскар Кожахметович Отынчиев 1980 жылдың 2 сәуірінде Қарағанды облысы Нұра ауданы Куйбышев совхозында дүниеге келді.
2001 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ фермер-менеджер мамандығын және 2005 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ географ-оқытушы мамандығын оқып бітірді.
Еңбек жолын 1996 жылы "Ынтымақ" совхозында жұмысшы болып бастаған.
Әр жылдары Ынтымақ мектебінде мұғалім және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2012 - 2021 жылдары Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ростовка ауылдық аймағының әкімі болып жұмыс істеді.
2021 - 2023 жылдары Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жанаталап ауылының әкімі қызметін атқарды.
2023 жылдың 18 қыркүйегінен Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінің әкімі болып тағайындалды.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.
