
Асылбекова Мейрамгүл Тоқтарбековна
Әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
Асылбекова Мейрамгүл Тоқтарбекқызы, 1980 жылғы 1 қаңтарда туған.
Алматы технология және бизнес университетін «Кеден ісі» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Қаржы академиясы» АҚ-нан «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша (магистр дәрежесі) тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің Автоматтандыру және кедендік статистика департаментінде жетекші маман лауазымында бастаған.
2008–2016 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Бақылау департаментінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасында бас сарапшы қызметін атқарған (кеден қызметінің майоры).
2018–2025 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ведомстволық бақылау басқармасында бас сарапшы болып жұмыс істеген (мемлекеттік кірістер органдарының үздігі).
2019 жылдан бастап сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету және қызметкерлердің құқықтық сана-сезімін арттыру бағытындағы жұмысты үйлестірді.
2025 жылғы қазан айында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымына тағайындалды.