Есенов Бауыржан Серікұлы
Маңғыстау облысы әкімінің аппараты әлеуметтік-экономикалық даму және талдау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Есенов Бауыржан Серікұлы 1983 жылы 13 қазан Алматы облысы Бостандық ауданында дүниеге келді. Білімі – жоғары. 2000 жылы- Қазақ гуманитарлық заң университеті, 2005 жылы- Қазақстан инженерлік-экономикалық университеті. Мамандығы- Құқықтану және Эконимика.
Еңбек жолын 2007 жылы Талдықорған қаласындағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы Жамбыл ауданы бойынша құқұқтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі аға прокурорынан бастады. 2014 жылға дейін осы бағытта жұмыс атқарды.
10.04.2014-11.04.2017 – Офицерлік құрамның лауазымдарындағы келісімшарт бойынша әскери қызмет. Заң қызметінің бастығы- бөлім командирінің құқықтық жұмыс жөніндегі көмекшісі. Ақтау қаласы.
20.10.2017-26.09.2019- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңнаманың сақталуын бақылау және талап-арыз жұмысы бөлімінің басшысы.
27.09.2019-29.10.2020- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
30.10.2020-26.12.2024- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы.
17.12.2024-03.11.2025- «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бухгалтерлік есеп және есептілік секторының бас маманы.
04.11.2025- қазіргі уақыт- Маңғыстау облысы әкімінің аппараты әлеуметтік-экономикалық даму және талдау бөлімінің басшысы





