
Қасенов Азамат Қайыржанұлы
Бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Қасенов Азамат Қайыржанұлы 1979 жылы, 28 шілде, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылында дүниеге келген.
1985-1996 ж.ж. аралығында Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында оқыды.
1996-1999 ж.ж. Көкшетау политехникалық колледжінде «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу, жөндеу және пайдалану» мамандығын тәмәмдады, біліктілігі техник-технолог.
1999-2001 ж. Алматы Экономика және статистика институтында «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша оқыды.
2009-2011 ж. Ақмола облысы Зеренді ауданының агротехникалық колледжінде техник-жерге орналастырушы мамандығы бойынша оқыды.
Үйленген, үш баласы бар.
Еңбек жолын 2001 жылдың қыркүйек айында Тимирязев аудандық қазынашылық бөлімінде бастады.
2001 жылдан 2002 жылға дейін ҚР қарулы күштерінде қызмет атқарды, 36803 ә/б, қызметті сержант атағымен аяқтады.
2003 жылғы сәуір-шілде аралығында СҚО, Петропавл қаласында жергілікті салықтарды жинау басқармасында бас маман лауазымында жұмыс істеді.
2004 жылғы сәуір - қараша аралығында Тимирязев ауданы бойынша Салық комитетінде салық төлеушілер бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.
2005 жылғы ақпаннан 2011 жылғы сәуірге дейін МЖК ААЖ Тимирязев орталығының оператор - бастығы, Тимирязев жер-кадастрлық филиалының меңгерушісі лауазымдарында жұмыс істеді.
2011 жылғы сәуірден 2012 жылғы қазанға дейін СҚО Тимирязев ауданының жер қатынастары бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
2012 жылғы қазаннан 2013 жылғы наурызға дейін СҚО Тимирязев ауданының құрылыс бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
2013 жылғы наурыздан 2016 жылғы тамызға дейін ҚР ӨДМ ЖРБК аумақтық жер инспекциясында, содан кейін СҚО жер инспекциясы басқармасында бас маман–мемлекеттік инспектор лауазымында жұмыс істеді.
2016 жылғы тамыз-2019 жылғы қыркүйек аралығында Тимирязев ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар жөніндегі аудан әкімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.
2018 жылдың қыркүйек айынан 2020 жылдың қаңтар айына дейін аудан әкімінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғау жөніндегі бас инспекторы қызметін атқарды.
2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істейді.