Қосалқы шаруашылық жүргізуге және жеке тұрғын үй салуға қанша сотық жер берілуі тиіс?
Қазақстан азаматтарына жеке меншікке бір реттік және тегін негізде келесі мөлшерде жер учаскелері беріледі: Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін: суармалы емес ауыл шаруашылығы алқаптарында – 0,25 га, суармалы алқаптарда – 0,15 га; Жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 га; Бағбандық пен саяжай құрылысы үшін – 0,12 га. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес өзге де мақсаттар үшін учаскелердің мөлшері нормативтерге немесе қала құрылысы құжаттамасына сәйкес белгіленеді.