
Өмірбаян
Айдын Маратұлы 1993 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.
2014 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы Қызылорда қаласы әкімі аппаратының статисті ретінде бастаған.
2017-2019 жылдары қала әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің бас маманы;
2019-2022 жылдары қала әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің басшысы;
2022-2023 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы;
2023 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Қызылорда облысы әкімдігінің Іс басқармасы" КММ директоры;
2023 жылдың 10 желтоқсанында Тасбөгет кентінің әкімі болып сайланды.





