
Ғұмар Руслан Қонысбайұлы
Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Ғұмар Руслан Қонысбайұлы - 1982 жылы 27 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазқстан мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
2003-2010 жылдары Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылындағы Д.Нұрпейісова атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде мұғалім, қосымша білім беру педагогы, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды;
2010-2014 жылдары Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскері;
2014-2017 жылдары «Жаңақала ауданы әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру, бақылау және құқықтық жұмыстары бөлімінің бас маманы;
2017-2019 жылдары «Жаңақала ауданы әкімі аппараты» ММ персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы;
2019-2023 жылдары Жаңақала аудандық білім бөлімінің басшысы лауазымын атқарған;
2023 жылдың 1 желтоқсанында Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.


