
Өмірбаян
1984 жылдың 6 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Жоғары кәсіби білімді математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2005–2007 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушысы;
2007–2008 жылдары Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2008–2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;
2010–2011 жылдары Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы;
2011–2012 жылдары «Мәдени-ағарту бірлестігі» МККК-ның директоры;
2012 – 2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
2018-2022 жылдары Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары қызметі.
2022-2023 жылдары Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметі.
2023 жылдың 17 сәуірінен бастап Жаңақала ауданы әкімі қызметіне тағайындалды.


