
Мыңбаев Азамат Амантайұлы
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Мыңбаев Азамат Амантайұлы 1989 жылғы 8 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2009 жылы И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін "есептеу машиналары, кешендер, жүйелер және желілер" мамандығы бойынша,
2012 жылы "Болашақ" университетін "есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша және 2014 жылы "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының штаттан тыс электронды әкімдікті интеграциялау және дамыту бөлімінің инспекторы болып бастаған.
2012-2013 жылдары Қызылорда қалалық ақпараттық технологиялар орталығының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің программисті, жетекші эксперті;
2013-2014 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатының ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы,
2014-2015 жылдары ақпараттық технологиялар орталығының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы,
2015 жылдың тамыз-желтоқсан айларында Қызылорда қаласы әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі басшысының міндетін атқарушы,
2015-2019 жылдары қала әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы,
2019-2021 жылдары облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас инспекторы,
2021-2022 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.
2022 жылдың мамыр айынан 2023 жылдың желтоқсан айына дейін Қызылорда облысы, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды;

