
Жаңабаев Ғабит Жұмабекұлы
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Өмірбаян
Жоғары білімді. 2000 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан экономика және құқық институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облысының статистика жөніндегі есептеу орталығының кадр-іс жүргізу жөніндегі «инженері» ретінде бастаған.
2001-2006 жылдары Қызылорда облысының статистика басқармасының экономисті, бас маманы;
2006-2008 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің «Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің» жетекші маманы;
2008-2011 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы;
2011-2012 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы;
2012-2016 жылдары облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы;
2016-2020 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары;
2020 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары;
2020-2022 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;
2022 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы болып тағайындалды;

