
Шамұратов Пакуатдин Сыражадинұлы
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Шамуратов Пакуатдин Сыражадинұлы 1983 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген .
2006 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін "Жерге орналастыру және жер ресурстарын басқару"мамандығы бойынша бітірген;
2013 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Экономика саласындағы құқықтық реттеу"мамандығы бойынша бітірген;
2016 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Құрылыс"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы "Қазалы құрылыс" ЖШС геодезисті болып бастаған .
15.04.2008 - 15.05.2008 жж. - "Жер KZ"ЖШС маманы;
2008-2010 жж.-Қызылорда облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы;
2010 - 2011 жж. - қалалық жер қатынастары бөлімінде бастықтың орынбасары және міндетін атқарушы;
2011 - 2012 жж. - қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы;
2012 - 2017 жж. - қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы;
2017-2020 жж. - Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің әкімі.
2020-2021 жж.-Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы;
2021-2022 жж.-Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары;
2022-2023 жж.-Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
2023 - 2024 жж. - "Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі "КММ басшысы.
2024 жылдың 1 шілдесінде Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Пакуатдин Сыражадинұлы сәулет және қала құрылысы , ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларына жетекшілік етеді .





